Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектеп

Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектеп

Хабарлама 

Хабарлама 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектеп»  КММ 2023-2024 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды. Қабылдау мерзімі: 05.09.2023 -15.09.2023 ж. 

«Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Бауырластар 2 т\м, 170А мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: email: shcola_66@mail.ru  байланыс телефоны: 87132 74 91 24

Қамқоршылық кеңес – заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган. 

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

  1. білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
  2. білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагог ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
  3. білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;  
  4. білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

  1. әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;   
  2. тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;  
  3. халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
  4. білім беру ұйымы жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
  • Білім беру ұйымына педагог қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
  • Білім беру мекемесіне педагог және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 
  • Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі өтінішті толтыруыңыз сұралады.

   «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ

басшысы М.О.Қосымбаеваға

                                                                                     __________________________________                                                                            (өтініш берушінің аты жөні)

                                                                                  тұратын жері ______________________

                                                                                    __________________________________

                                                                                                                                         (көше,үй пәтер)

Өтініш

Мен__________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым   министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған мектепішілік қамқоршылық кеңесінің жұмысын жүргізу мақсатында мектепішілік қамқоршылық кеңесінің құрамына қабылдауыныңызды сұраймын.


Өтініш иесі___________________(тегі, аты-жөні)

_____________ (қолы)

«___»__________________2023 ж.