Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектеп
Жиында мектеп директоры Қалыбаева З.Б. 2025-2026 оқу жылының жарты жылдық есебін ұсынып, атқарылған жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берді. Жиналысқа ата-аналар қауымы мен қамқоршылық кеңесінің өкілдері қатысып, мектеп дамуына қатысты маңызды мәселелерді бірге талқылады.
Жиналыс барысында төмендегі негізгі бағыттар қамтылды:
Мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту – оқу үдерісін жақсартуға қажетті құрал-жабдықтардың алынуы мен жаңартылуы таныстырылды.
Педагогтердің сапалық құрамы – біліктілік арттыру, аттестаттаудан өту, кадрлардың кәсіби әлеуеті туралы мәлімет берілді.
Ата-аналар кезекшілігі мен рейдтік жұмыстар – мектеп тәртібін сақтау, оқушылардың мектеп аумағындағы тәртібін бақылау, алдын алу шаралары талқыланды.
Оқушылардың қауіпсіздігі – бейнебақылау жүйесінің жұмысы, мектепке кіріп-шығу тәртібі, қауіпсіздік талаптарының орындалуы туралы толық ақпарат ұсынылды.
Қамқоршылық кеңесінің жұмысы – мектепті қолдауға бағытталған ұсыныстар, материалдық базаға қатысты пікірлер мен алдағы жоспарлар қарастырылды.
Жиынға қатысқан ата-аналар өз сұрақтарын қойып, мектеп әкімшілігімен ашық диалог орнатып, ұсыныстар мен сұрақтар талқыланды.
Бала қауіпсіздігі, сапалы білім және мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы — басты назарда екені атап өтілді.
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@birtutas_tarbie2024
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@aqtobe_bilim_bolimi
@bilim_qazyna_aqtobe
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
@aktobe_bala_kk